Жамбыл облысында пойыз адамды екіге бөліп өтті

Жамбыл облысында пойыз адамды екіге бөліп өтті

Жамбыл облысында пойыздың астына түсіп, денесі қақ бөлінген адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Шу станциясында болған.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 44 жастағы тұрғын бұған дейін биіктен секіріп өлуге әркеттенген. Алайда туған-туыстары кедергі келтіріп, райынан қайтарған көрінеді. Көп ұзамай оның денесі темір жолдың бойынан табылды. Қаза болған азаматтың жеке басына қатысты ресми мәлімет жоқ. Желілік полиция қылмыстық Кодекстің өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бабы бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ерлан Сеңгірбаев, Шу станциясы желілік полиция бөлім бастығының орынбасары:

- Осы жылдың 15 ақпанында аталған факт Шу станциясы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тіркелген. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.