Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлері оңалтуға бөлінген 10 млн теңгені жымқырған

«Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қызметкерлерге қатысты іс сотта қаралып, айыптылар сотталды. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйіндегі азаматтардың құқықтарын қорғау қаржы мониторингі агенттігінің жіті назарында. Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу айыпталушыларға қатысты 10 млн теңгеден астам шығын сомасымен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.