Қарағандыда есірткі тасып әрі сатып байымақшы болғандар қолға түсті

Өңірде синтетикалық есірткі сатушылар мен оны тасмалдаушылар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел алдын алу шарасы кезінде полицейлер қалаға кіреберісте күдікті автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде салмағы 100 грамм болатын ұнтақ зат табылып тәркіленді. 24 және 28 жастағы екі жігіт есірткі затынның мефедрон екендігін айтқан. Олар есірткіні сатуды көздеген. Сонымен қатар Теміртаудың тұрғыны да есірткімен қолға түсті. Күдіктіден 10 полимер қаптамаға оралған ұнтақ зат тәркіленді. Және оның 17 жастағы сыбайласы да анықталды. Ол жергілікті колледждердің бірінің студенті екендігі белгілі болды. Ұсталғандардың телефондарын тексеру кезінде қылмысты растайтын есірткіні жасыратын жер туралы мәлімет, түрлі фото суреттер мен әлеуметтік желідегі жазбалар табылды. Қазір аталған деректерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.