Жамбыл облысында балықты заңсыз сатпақ болған браконьер ұсталды

Жамбыл облысына қарасты Шу-Талас инспекциясының қызметкерлері балықты заңсыз сатпақ болған браконьерді қолға түсірді.

Ол 300 келіден асатын сазан балығын сауда орындарының біріне өткізуге келген. Тексеріс барысында балық өніміне тиісті құжаты жоқ болып шықты. Мемлекетке келтірілген шығын 1 миллион 822 мың теңге. Заңсыз ауланған балық тәркіленді. Облыста осындай рейдтік тексерулер жалғасып жатыр.