Алаяқтар Қызылорда тұрғынының атынан 47 млн теңге рәсімдеген

Алаяқтар Қызылорда тұрғынының атынан 47 млн теңге рәсімдеген

Сөйтіп Қызылорда тұрғыны банктерге 47 млн теңге қарыз болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда тиісті несиені оның атынан белгісіз біреулер рәсімдеген. Енді ол бірқатар банк пен микроқаржы ұйымдарына борышкер. Алаяқтар оның жеке мәліметтері мен электронды цифрлық қолтаңбасы сақталған флешкасын пайдаланған көрінеді. Зардап шегуші полицияға арыз берді. Қылмыстық іс қозғалды. Алайда алаяқтар әлі ұсталған жоқ. Ең сорақасы берешек сомасы күн сайын артып барады. Ал қарапайым инженердің төлейтін мүмкіндігі жоқ.

Жанабай Махамбетов, қала тұрғыны:

– Бір күнде 3 банкі кредит беріп отыр. Олар айтып отыр база бір дейді. База бір болса, неге бересіндер сендер? Еще ол 3-5 млн мысалы. Барлық жабылға шот, ашылған шот трансзакцияларын әкеп бердім мен. Соның ішінде көбінесе карточкалардан Алматы жақтан алған. Мен ешкімнің ала жібін аттаған жоқпын қазақша айтқанда. Қой ауызнан шөп алмай жұмысымызды істейміз.