2 жыл бұрын Қордайдағы бүлікке қатысқан күдікті қолға түсті

Осыдан 2 жыл бұрын Қордайдағы бүлікке қатысқан ер адам Алматы облысында ұсталды.

Осы күнге дейін халықаралық іздеуде болған азамат Жамбыл облысының Масаншы ауылында 4 адамды өлтірді деп, күдікке алынды. Тінту кезінде одан аңшы мылтығы табылды.

Еске сала кеткен жөн, 2020 жылдың 7 ақпанында көбіне дүнген диаспорасы тұратын Қордай ауданының бірнеше ауылында тәртіпсіздік болып, салдарынан 11 адам қайтыс болды. 50 адам сотталып, 31-іне шартты мерзім тағайындалды. 

Дәурен Қозыбақов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары:

- Елімізде ахуалды тұрақтандыру, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Жеке құрам ерекше режим жағдайында қоғамдық тәртіпті сақтауды жалғастыруда. Елдің барлық аймағында құқықтық тәртіпті жедел профилактикалық шарасы өтуде. Шараның мақсаты жедел ахуалды сауықтыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарын жою болып табылады.