Екібастұзда 84 жастағы қарияны көлік қағып кетті

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 ақпанда сағат 19.00-де Кеншілер көшесіндегі 91-ші үйге қарама-қарсы «Opel Vectra» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі 1938 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 

Ер адам  жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.