Қару-жарақ дүкенін тонағандар 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Алматыда қару-жарақ дүкендерін тонағандар ұсталды.

Арнайы жүргізілген іс-шара барысында 25-27 жастағы үш күдікті қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаменті хабарлады. 

Олар 5 қаңтарда аңшылық дүкенін тонап, түрлі маркалы суық қаруларды үйдің жертөлесіне жасырған. Күдіктілер кінәсін мойындап, дүкенге қалай кіргендерін айтып берді.

Қазір тергеушілер «үштіктің» осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.  Бұл қылмысы үшін олар бес жылдан он екі жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.