Интернет-алаяқтардың кесірінен қазақстандықтар 54 млрд теңге шығынға батты – ҚР ІІМ

Былтыр қаржылық пирамида құрған 126 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 38-і тиісті жазасын алды. Бұл жайында Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

Қалған факті бойынша сот ісі жүріп жатыр. Әккі алаяқтардың әрекетінен 31 мыңнан аса азамат жапа шекті. Жалпы шығын көлемі – 54 млрд теңге.

Былтыр интернет-алаяқтарға алданып сан соғып қалғандар көбейген. 915 күдіктінің қылмысы әшкере болып, 26 мыңнан аса іс қозғалды. Осыған байланысты полиция өкілдері тұрғындарды «оңай әрі тез ақша табуға шақыратын жарнамаға» мән бермеуге шақырады. Сонымен қатар кез-келген құжатқа қол қоярда шартын мұқият оқып алуға кеңес береді.