Қостанай облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды

Қостанай облысында заңсыз майнингтік ферма анықталды.

Тінту барысында 180 дана цифрлы майнингке арналған екі контейнер табылды. Техникалық жабдықтардың көмегімен крипто валюталар өндірілген. Майнингпен айналысушыларға электр қуаты «EG» серіктестігі арқылы беріліп отырған. Қазір экономикалық тергеу департаменті электр қуатын таратушы компанияның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Көркем Бектасова, экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

– Департаментпен Қостанай қаласы кәсіпорындарының бірінде былтыр қараша айынан бастап ағымдағы жылдың ақпан айына дейін электр энергиясын тұтынудың күрт өскені байқалды. Жұмсалған электр қуатының болжамды сомасы 32 млн теңгеден асып түсті.