Теңіз кен орнында өрт шықты

Теңіз вахталық кентінде өрт шықты.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің хабарлауынша, Атырау облысының Жылыой ауданына қарайтын кәсіпорында өндірістік шлам өртенген. Алдын-ала мәлімет бойынша, қызыл жалын 200 шаршы метр жерді шарпыған.

Зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жаумен жергілікті өрт сөндіру бригадасы күресті. Теңіз кентінен 90 шақырымдағы Құлсары қаласынан қосымша күш жөнелтіліп, өрт сөндірілді.