Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Шағын айналым көшесіндегі жанармай құю станциясына қарама-қарсы аумақта болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні сағат 18:50-де SsangYong автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі 1971 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деді баспасөз қызметінде.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.