Қаржылық пирамида басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қаржылық пирамида басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Батыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда қаржылық пирамида құрудың 7 фактісі анықталыпты.

Инвестициялық жобаларды қолдау мен шағын несие ұйымының атын жамылған алаяқтар адамдарды алдап арбау жолымен шығынға батырып отырған. Оңай ақшаға ие болғысы келгендер оңбай қателескендерін кейін білді. Қылмыстық кодекстің 217 бабына сәйкес, мұндай қылмыс жасағандар мүлкін тәркілеумен бірге 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Пысықайлардың бірі екі жыл бұрын 213 өңір тұрғынын тақырға отырғызып, 250 миллион теңгесін қалтаға басыпты. Алаяқтың арбауына түскендердің дені қаржысын тұрғын үй құрылысы мен жаңа өндіріс ошақтарын ашуға салғандар. Күдіктілер бұл істе түрлі әлеуметтік желілердің мүмкіндігі шебер пайдаланған. 200-ден аса аймақ тұрғыны атышулы «Гарант24ломбардтан» зардап шегіпті.

Махамбет, БҚО ПД тергеу басқармасының бастығы:

– «Гарант 24Ломбард», «Выгодный займ» және «Эстет» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің басшыларына қатысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Олардың қылмыстық әрекетіне байланысты облыстың 1800 тұрғынынан арыз түсті. Бұл азаматтарға келтірген залал көлемі 2 миллиард теңгеден асады. Республика бойынша барлығы 17 мың адамнан шағым түскен, шығын мөлшері 30 миллиард теңге. 48 күдікті бойынша іс сотқа жолданды. 6 адамға қатысты халықаралық іздеу жарияланды.