БҚО-да жеңіл көліктер тиеген ауыр техника аударылып қалды

Оқиға «Орал-Атырау» тас жолының бойында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, трассадан түсіп кеткен. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Арнайы жүк тасымалдау техникасына 6 жеңіл көлік тиелген.

«Оқиға 5 наурыз күні сағат 22.30 шамасында Көшім ауылының тұсында болды. Зардап шеккендер жоқ. Көліктерге ғана зақым келді. Ауа райы күрт құбылмалы болып тұр, сондықтан тұрғындардан мейлінше алыс жолға шықпауды сұраймыз» деп жазды БҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аймақта екі күн бойы толассыз жаңбыр жауды.