Бурабай бағытындағы жолда 20 көлік соқтығысып қалды: зардап шеккендер бар

Нұр-Сұлтан-Щучье тас жолында жиырмадан астам көлік соқтығысып қалды.

Оқиға Бозайғыр ауылының маңында болған. Жол апатына ат құлағы көрінбейтін ақ боран себеп. «ҚазАвтоЖол» компаниясының өкілдері осылай хабарлады.

Өкінішке қарай, бұл осы жол бойында болған бірінші апат емес. Дамса кентінің маңында тағы алты машина жол апатына ұшыраған.

Қазір жолды қардан аршуға 45 техника жұмылдырылып отыр.