Декларацияланбаған 1 млн-ға жуық АҚШ долларын қолма-қол алып кетпекші болған

Декларацияланбаған 1 млн-ға жуық АҚШ долларын қолма-қол алып кетпекші болған
24 Канал

2022 жылдың ақпанында шет елдерге декларацияланбаған 995 410 АҚШ долларын жеке тұлғалар қолма-қол алып кетпекші болған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

2022 жылдың тек ақпан айында ғана Жетісу, Әуежай-Астана, Әуежай-Ақтөбе, Қазығұрт, Әуежай-Шымкент, Әуежай-Актау кеден бекеттерінде декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарын алып кетудің 51 фактісі анықталған. Декларацияланбаған қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы 995 410 АҚШ долларын құраған.

Жалпы 2022 жылдың ақпан айында 50 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған (тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттардағы мәліметтерді анық емес мәлімдеу), бұл заң бұзушылықтар бойынша 1 531 500 теңге айыппұл салынған.

Алматы қаласында 2022 жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға 37 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған және қылмыстық құқық бұзушылық сипатындағы 1 дерек анықталған. Ол азаматтар 298 млн. теңгеден аса, нақты айтқанда 688 262 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы - 1 133 310 теңге.

4 ақпанда Алматы қаласының халықаралық әуежайында Жетісу кеден бекетінің қызметкерлері Алматы-Ыстамбұл қатынасындағы әуе рейсімен ұшуға бағытталған ҚР азаматы тоқтатты. Ұстау кезінде 97 000 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды. Материал одан әрі тергеу үшін Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне берілді.

2022 жылдың 8 ақпанында Жетісу кеден бекетінің қызметкерлері Ыстамбұлға ұшуға бағытталған ҚР азаматын ұстады. Одан 26 000 АҚШ доллары мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты табылған

Тек елордада 2022 жылдың ақпан айында жеке тұлғаларға 9 әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар жасалған, ол азаматтар 101 341 421 теңге, нақты айтқанда 219 414 АҚШ долларын декларацияламастан алып өтпек болған, айыппұлы – 275 670 теңге.

Мәселен, 2022 жылғы 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Нұр-Сұлтан-Анталья  халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен кейін Әуежай-Астана кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге ҚР азаматтарын ұстады. Ұстау кезінде 32 552 АҚШ доллары мөлшеріндегі декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды.

2022 жылғы 22 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Нұр-Сұлтан-Дубай халықаралық әуе рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар кедендік бақылаудан өткеннен

Кейін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің Әуежай-Астана  кеден бекетінің қызметкерлері ҚР азаматын ұстап, одан 43 070 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған ақша қаражаты анықталды.

2022 жылғы 3 ақпанда Әуежай-Ақтөбе кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, Ыстамбұлға кетіп бара жатқан жерінен ер адам кедендік бақылаудан жасырылған 40 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі декларацияланбаған шетел валютасын анықтады.

2022 жылғы 21 ақпанда «Әуежай-Ақтау» кеден бекетінің мамандары және шекара қызметі және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлерімен бірлескен кедендік бақылау кезінде «Ақтау-Тбилиси» халықаралық авиарейсін ресімдеу барысында қазақстандықтан 27 100 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған ақша қаража анықталды.

2022 жылдың 11 ақпанында Қазығұрт кеден бекетінде 10 334 АҚШ доллары сомасына шетел валютасын декларацияламастан әкету әрекеті кезінде ер адам ұсталды.

Шымкентте 17 ақпанда Шымкент-Ыстамбұл бағытындағы әурейсімен ҚР азаматы 10300 АҚШ доллары сомасындағы қолма қол ақша қаражатын декларацияламау фактісі анықталып, 30630 теңге айыппұл салынған.

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасында қолма-қол ақша қаражаты кедендік декларациялауға жататыны еске салды.

Кедендік декларациялауды жүзеге асыру өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол Ұлттық валютаның және жол чектерінің барлық сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүргізіледі.

Бұдан басқа, тауарларды кедендік декларациялау кезінде жеке тұлғалар 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын жалпы сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) қолма-қол ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларациясыз ҚР-ға әкелуге немесе ҚР-дан әкетуге құқылы.