Туристерге жалған билеттер сатқан алматылық әйел ұсталды

Туристерге жалған билеттер сатқан алматылық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталмаған 36 жастағы әйел қылмыстық іс-әрекетпен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап айналыса бастаған, оның соңғы әрекеттерін жедел уәкілдер 2021 жылдың қазан айында тіркеген.

– Тергеу барысында күдікті өзін туристік компаниялардың бірінің қызметкері ретінде таныстырып, клиенттердің сенгіштігін пайдаланып, олардан ұшақ билетінің құнын алған және сатып алғанын растайтын жалған билет бергені анықталды. Алайда іс жүзінде мәміле жалған болып шықты және ешкім жолаушыға нақты билеттерді ұсынбады. Клиент мұны жөнелту күні тіркеу орнында өзі көрсеткен рейстің жолаушылар тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінді. Жәбірленушілерден барлығы 12 арыз келіп түсті, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Аталған қылмыстық істердің барлығы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатқан бір өндіріске біріктірілген. Күдіктінің жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде. Полиция ұсталған әйелдің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 298-52-82, 8-708-806-41-57, 8-707-426-54-88.