Қар құрсауында қалғандар құтқарылды

Ақмола облысында ақтүтек боран болып, жолда қалған 200-ден аса адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Ауа райының күрт құбылуынан блок бекеттерде 400-ге жуық көліктің кептелісі орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өңірдің құтқарушылары мен тәртіп сақшалары және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бір түнде боранда жолда қалған 247 адамды эвакуациялады, оның 96-ы – бала. Құтқару жұмыстары Бурабай, Аршалы және Шортанды аудандарында жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан эвакуация орындарында ыстық тамақ ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ», - деді ведомстводан.

Осы ретте, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ақмолалықтарға жолдардың жабылуы туралы смс-хабарлама алған кезде жолға шықпауға кеңес береді.

Сондай-ақ...