Петропавлда пәтер өртеніп, бес адам көз жұмды

Петропавлда пәтер өртеніп, бес адам көз жұмды
inform.kz

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт оқиғасы 13 наурызда түнде болды. «СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің «101» телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі кірпіш тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер сағат 01:13-те келген сәтте үйдегі №3 пәтер жанып жатқаны анықталды» – делінген хабарламада. Құтқарушылар жалынды дереу сөндіруге кіріскен. Алайда құзырлы органға хабар кеш түскен. Өйткені үйдің шатыры өртке оранып, қою түтін басқан. «Өртті сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған екі ер адамның және 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денесі табылды. Қаза болған адамдардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 02.24-те сөндірілді», – деді құтқарушылар.

Апатты жағдайды жоюға Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің (№1, 2, 3 және 5) 30 өрт сөндірушісі мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 60 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар.