Түркістан облысында 104 бала ішкі істер органдарының есебіне алынды

Түркістан облысында кәмелетке толмаған 104 бала ішкі істер органдарының есебіне алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 56-сы бұзық, қалғаны жағдайы нашар отбасынан шыққан жасөспірімдер. Тәртіп сақшылары облыс аумағында жүргізген 3 күндік рейдте жасөспірімдерге қатысты 600-ге жуық мәселені анықтаған. Баласына дұрыс тәрбие бермеген 24 ата-анаға әкімшілік шара қолданылған. Бұдан бөлек, түнгі уақытта жасөспірімдерді үлкендердің қарауынсыз ойын-сауық орындарына кіргізген 21 мекеменің иесі жауапкершілікке тартылды.

Керім Қапашов, Түркістан қалалық ПБ ЖПҚ ЮП аға инспекторы:

- Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы көлемінде тексеру барысында 10 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБК 442-ші бабының 1 бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл салынды. Мекеме иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.