Қазығұрт асуында жүк көлігі өртенді

Қазығұрт асуында сағыз тиелген жүк көлігі отқа оранды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол апаты Алматы–Термез–Ташкент тас жолының 727-ші шақырымында түнгі сағат 22.30-да болған. Полиция Шымкент қаласы жағынан Сарығашқа қарай қозғалысқа шектеу қойды. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жүргізуші аман. Өртті сөндіруге 23 құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылған.