Рудныйда ер адам әйел мен оның баласын керосин құйып өртеді

Рудный қаласында көршілер арасындағы жанжал жантүршігерлік оқиғамен аяқталды.

Ер адам төрт жасар баласын көтеріп шыққан келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген. Қазір сәби ауыр халде қалалық жансақтау бөлімінде жатыр. Денесінің 50 процентін күйік шалған баланы өкпені жасанды желдету аппаратына қосқан. Ал анасының қолы күйген. Ол медициналық көмектен бас тартып, амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Полиция адам өлтіруге оқталу бабы жөнінде сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды.