Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі белгілі кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының жетекшісі, ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевқа қарсы тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып отыр. Қайрат Боранбаев есімі 2016 жылдан бері еліміздегі бай адамдар қатарында аталады. Қазір ол сот шешімімен 2 айға қамауға алынды. Қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Алайда оның барысы әзірге жарияланбайды.