Денесін күйік шалған сәби облыстық ауруханаға жеткізілді – Қостанай облысы

Дәрігерлер көршісі өртеп жіберген баланы реанимобильмен Рудный қаласынан облыстық ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Кеше кеншілер қаласында ер адам ашуға ерік беріп, баласын көтеріп шыққан келіншекке керосин шашып, өртеп жіберген. Осының кесірінен үш жасар бүлдіршіннің денесінің 50-55 процентін күйік шалды. Ал анасы медициналық көмектен бас тартып, амбулаторлық ем қабылдаумен шектелді. Көрші пәтерде тұратын көршілер зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Шұғыл полиция шақыртқан.

Бауыржан Құсайынов, ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

– Полиция басқармасында адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысты тергеу полция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.

Ксения Жылқыбаева, денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы

Бала бірнеше сағат бұрын облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы өте ауыр. Дәрімен ұйықтатқан. Қазір мамандар кандай да жорамал жасау ерте дейді.