Адам саудасына қатысы бар күдікті Бахрейннен Қазақстанға экстрадицияланды

Бахрейннен адам саудасына қатысты тағы бір күдікті экстрадицияланды.

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. 1989 жылғы азамат Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді. Оған халықаралық іздеу жарияланып, күдікті қолға түсті. Қазір ол Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.