Қаңтар оқиғасы: Алматыда қару жасырған азамат ұсталды

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарудың тағы бір партиясы тәркіленді.

Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады. Жедел-іздеу жұмыстары кезінде 21 жастағы ер адам ұсталды. Ол танысымен бірге Алматы қаласы Түркісіб ауданындағы қараусыз қалған ғимараттардың біріне екі оқ қаруын жасырған. Тексеру кезінде бұл азаматтың бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болғаны да анықталды.