Павлодардың электролиз зауытында өрт шықты

Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытында өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температураның көтерілуі салдарынан түтіндеп, оның соңы өртке айналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«20 наурызда Қазақстан электролиз зауытының электрод шығаратын цехының газ тазалау жүйесінде өрт шықты. Газ құбыры жүйесінде температура көтеріліп, оның соңы өртке ұласқан», - деп хабарлады «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ.

Бұл туралы өнеркәсіптік компания әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етті. «ҚЭЗ» АҚ хабарлауынша, келген өрт сөндіру қызметі жалынды ауыздықтады. Барлық қызметкерлер өрт орнынан тез арада эвакуацияланды.

«ТБ қызметі жедел жәрдем шақырып, қызметкерлердің денсаулығын тексерді. Жеке құрам арасында оқиға салдарынан улану фактілері анықталған жоқ», - деп толықтырды Акционерлік қоғам.

Сондай-ақ...