Ақмола облысында жүзден аса көлік жолда тұрып қалды

Аршалы ауданында Нұр-Сұлтан - Қарағанды тас жолының жабылуына байланысты 100-ден аса көлік тұрып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қазавтожолдың» хабарлауынша, жолды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ Қарағанды қаласынан Нұр-Сұлтан бағытына шыға берісте 235-ке жуық автокөлік жолда қалған. Ал жолдардың жабылуы туралы ақпаратты «Дәрмен» қосымшасын жүктеу арқылы немесе 1403 нөмірі бойынша білуге болады. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.