«Біздің сүйікті дәрігер» дүниеден өтті

Көрерменге «Біздің сүйікті дәрігер» фильмімен танылған өнер иесі, кино және театр актері Юрий Померанцев қайтыс болды. Ол еңбек жолында 300-ден аса рөл сомдаған. 99 жыл ғұмыр кешкен актер 2018 жылы «Қазақстанның Еңбек Ері» атанған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақ киносында «Біздің сүйікті дәрігер» атанып кеткен Юрий Померанцев ғасырға қараған шағында көз жұмды. 99 жасаған өнер иесі көрерменге «Иван Горзный», «Даладағы қайың», «Жол түйісі» сынды фильмдермен етене таныс. Кино және театр актері 80 жылға жуық еңбек жолында 300-ден аса рөлді сомдап, бірнеше буын шәкірт тәрбиелеген еді.

Марина Ганцева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Мен өзімді бақытты актрисамын деп санаймын. Өйткені, сүйікті ұстазым Юрий Померанцевтің арқасында актерлік шеберліктің қыр-сырын үйрендім. Бүгін біз үшін өте ауыр күн, театрымыздағы ақсақалымыздан айырылдық.

Марқұмның шәкірттері актерді өнер саласына аса жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қарайтын адам болатын, – дейді. Ол бір кейіпкердің рөлін бірнеше жыл қатарынан ойнап жүріп, әрі қарай дамыта түсетін. Актердің сахнадағы соңғы қойылымы «Грин мырзаға бару» спекталі болыпты.

Сергей Попов, М.Лермонтов атындағы театрдың режиссері, актер:

Мен Юрий Померанцевтің спектакльдерін жібермейтін едім. Соңғы рет басқа қойылымға дайындықтан босай алмағандықтан, ұстазымның спектакліне бара алмай қалған едім. Юрий Померанцевті соңғы рет сахнадан көріп қалмағаным үшін өкінемін.

Актерді көрерменге танымал еткен өнер саласында құрметке лайықты еткен «Біздің сүйікті дәрігер» фильміндегі доктор Анатолий Лавров бейнесі. Одан басқа туындылар актердің шеберлігін әрі қарай аша түскен болатын. Өнер иесін ақтық сапарға шығару жұма күні өтеді.