Өзбекстан – Қазақстан шекарасында контрабандамен айналысқандар ұсталды

Түркістан облысында қазақ-өзбек шекарасында орналасқан Б.Қонысбаев өткізу пунктінде Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара жасағы үш жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, оның ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған. Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны – 70 млн теңге. Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.