Өскеменде елік құтқарылды

Өскемендіктер елікті құтқарды. Бұл туралы «Хабар 24» Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Ауылға кіріп, шарбаққа мүйізін тығып, шыға алмай қалған жануарды үй иесі көріп, құтқарушыларды шақырған. Оларға волонтерлер де көмекке келген. Мүйізі сынып, көп қан кеткен елікті мамандар жергілікті хайуанаттар бағына жеткізді. Ветеринар ем-дом жасаған.