Қарағанды облысында жолда қалған жолаушылар құтқарылды

Қарағанды облысында қар тоқтамай жауып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жол қатынасы қиындаған. Өткен тәулікте қар құрсауынан 68 адам құтқарылып, 114 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қарқаралы қаласынан 7 шақырым қашықта қалған Тоyоtа Carina автокөлігінен 4 адам құтқарылды. Сондай-ақ Ақой-Ақтоғай-Балқаш автожолының 160-шақырымында 16 жеңіл автокөлік қардан шығарылды. Оларда 48 адам болған. Барлығы да аман. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, облыс аумағындағы жағдай бақылауда және объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.