ҚР ТЖМ: Қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

ҚР ТЖМ: Қар құрсауынан 687 адам құтқарылды

Өткен тәулікте қар құрсауынан 687 адам құтқарылды.

Қазір ауа райы нашарлауына байланысты автожолдардың 21 учаскесінде, оның ішінде 11 республикалық және 10 облыстық маңызы бар автожолдар жабық. Халыққа алдын ала ескерту мақсатында ауа райының нашарлайтыны туралы 118 СМС-хабарлама және «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы 48 хабарлама таратылды. ТЖМ азаматтарға ауа райы болжамымен танысып, аса қажет болмаса елді мекеннен шықпауға кеңес береді. Ауа райы нашарлап, жолда қалып қойсаңыз 112 құтқару қызметінің бірыңғай телефон номеріне хабарласыңыз.