Ақмола облысындағы аудан бораннан сусыз қалды

Ақмола облысының Макинка ауылы боран салдарынан сусыз қалды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екпіні қатты жел елді мекендегі су мұнарасын құлатқан. 1 жарым мыңға жуық халқы бар ауыл қазір сусыз отыр. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарға тіршілік нәрін тасып жеткіземіз, деп отыр. Ал құлаған мұнараны жөндеу үшін сараптама жүргізіп жатқандарын айтты.  

Жанат Көшкінбаев, Макинка ауылдық округінің әкімі