Саранда кенші қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды облысындағы Саран шахтасындағы кеншінің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидалары бұзылған болуы мүмкін деп отыр. 

Еске салсақ, аталған шахтада апат салдарынан 56 жастағы кеншінің денесі табылғанын айтқан болатынбыз. Тергеу жалғасып жатыр. Сондай-ақ кәсіпорында арнайы құрылған комиссия тексеріс жұмыстарын бастап кетті.