Ақтөбеде жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе қаласы Кеңес Нокин даңғылында болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Lada» автокөлігігің 39 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып, «Toyota Land Cruiser Prado» көлігімен соқтығысты. «Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы мерт болды. Әзірге жолаушының кім екені анықталмай жатыр. Ал жол талғамайтын көлік жүргізушісі жараланып, ауруханаға жеткізілді. Қазір осы оқиғадан соң сот алды тергеу басталды. Полиция департаменті жол ережесін қатаң сақтауға шақырады», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.