Таразда ағаш құлап, 12 жасар бала көз жұмды

Таразда күшті жел қайғылы оқиғаға себеп болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолайсыз ауа райының салдарынан ағаш құлап, 12 жастағы бала көз жұмды. Ол анасымен бірге аялдамада автобус күтіп тұрған еді. Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Осы оқиғаға қатысты тергеу басталды.

Жалпы әлеуметтік желілерде Тараз қаласының тұрғындары түсірген видеолар тарап жатыр. Онда күшті жел көп қабатты үйлердің шатырын шайқағанын көруге болады. Әзірге төтенше жағдайлар департаментіне қираған немесе зақымданған нысандар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.

Сондай-ақ...