Қостанайда жеке үйдегі өрттен төрт адам көз жұмды

Қайғылы оқиға 27 наурыз күні күндіз Қостанай қаласында болды. Бұл туралы «Хабар 24» Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Өрт Тобыл көшесіндегі екі қабатты үйде шыққан, екінші қабаттағы 100 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт болған орыннан пәтерді жалға алған 1988 жылы туған ер адамның күйік шалған денесі табылды және онымен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Көрші бөлмеден 2011 және 2013 жылдары туған екі қыз баланың денесі табылды. Олар қыдырып келген екен.

15:05-те өрт ауыздықталды. Өрт себептері анықталуда.

Оқиға орнында ТЖҚ қызметкерлері жұмыс істеуде.

Өртті ауыздықтауға 23 қызметкер мен 5 арнайы техника тартылды.

Сондай-ақ...