Ақтауда автобус үш дөңгелектеп жүріп, адам тасыған

Ақтауда автобус бір дөңгелексіз жолаушыларды тасымалдады. Артқы бір дөңгелегі жоқ қоғамдық көліктің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті. 

Полицейлер тез арада ақауы бар техниканы айдаған жүргізушінің жеке бас мәліметін анықтады. Оған қатысты хаттама толтырылды. Көлікті пайдалану ережесін бұзғаны үшін ол 61 мың теңге көлеміндегі айыппұлмен жазаланды.

Алматыда көлік тонаумен айналысқан адам ұсталды

Отыз жастағы ер адам шарбақта тұрған көліктерді тонаумен айналысқан. Ол темір тұлпардың кілттенбегенін пайдаланып, салондағы бар бағалы заттарды қолды еткен. Қазір күдіктінің Алматы бойынша дәл осындай басқа да қылмыстырға қатысы бары анықталып жатыр. Сондай-ақ тергеу амалдарына сәйкес, оның қаңтардағы мародерлік әрекеттерге қатысқаны дәлелденді.   

Полицияға пара ұсынған Орал тұрғыны жауапқа тартылды

Орал тұрғыны полицияға пара беремін деп қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жол-көлік оқиғасын жасаған көлік жүргізушісі әкімшілік хаттама толтырмау үшін полиция инспекторына 10 мың теңге ұсынған. Инспектор парадан бас тартқан және жасаған ескертуіне құлақ аспағаннан кейін пара берушіге қатысты әкімшілік істен басқа қылмыстық іс те қозғалды.

Сондай-ақ...