Елорда полицейлері есірткі сатумен айналысқан 37 жастағы тұрғыннан бір килограмнан астам гашишті тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ұсталған азамат бұрын сотталған болып шықты. Қазір оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондай-ақ есірткіні кімге жеткізбек болғаны анықталады.
