Қостанайда бес күн бұрын жоғалған жасөспірімнің жеке заттары табылды

Қостанайда өткен аптада жоғалып кеткен Сергей Лукьяновтың жеке заттары табылды.

Полицейлер баланың киімі мен ұялы телефонын Тобыл өзенінің жағасынан тауып алды. 2005 жылы туған жасөспірім 26 наурызда үйдегілеріне «лицейге кеттім» деп оралмаған. Сол күннен бері одан ешқандай хабар жоқ. Оны іздестіру жұмыстарына құқық қорғау қызметкерлері мен волонтерлер атсалысып жатыр.