Таразда электр желісін жел үзіп кетті

Таразда қатты желден 2 мыңнан астам отбасы жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен. Өңірде ағаштар құлап, бірі көлікті басып қалған. Абырой болғанда адамдар аман.  Сонымен қатар электр бағандары мен желі зақымданып, бірнеше көшенің қиылысында бағдаршам сөніп қалды.  Қазір жолдар құлаған ағаштардан тазартылған. Электр желілері қалыпқа келтіріліп, жарық берілді.