Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге жымқырды деп айыпталуда

Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталуда.

«Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 млн теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан мәліметте.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.