Балқашқа кәріздің суын төгіп жатыр

Балқаш көліне кәріз суы төгіліп жатыр. Осылай деп дабыл қаққан Шашубай кентінің тұрғындары әкімшіліктен көмек сұрап, әлеуметтік желіге жазба қалдырған.

- Кәріз суларын құйған котлован. Көлдің жағасында орналасқан. Мынау міне Балқаш көлі. Котлованның астынан су шайып кеткен ғой. Соның барлығы ағып, көлге құйылып жатыр. 

Ауыл белсенділері көлге кетіп жатқан кәріз суын Балқаш су компаниясының басшылығына көрсетіп жүр. Бірақ олар «еріген қар суы» деп, дес берер емес. Тұрғындар іргедегі қалдық су жиналатын қазаншұңқырдың асты жарылғанын қыстан бері айтқан. Қар қатып жатқан кезде де лас судың далаға жайылып жатқанын елдің барлығы көрген. Бірақ жауапты мекеме қолдарында тексеру қорытындысы барын айтып, ақталып отыр. Қазір экология департаменті тексеріс жұмыстарын бастады. Көлден сынама алып, қаншалықты ластанғанын анықтамақ.    

Дархан Исжанов,  облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Балқаш көлінен, жаңағы ағып жатқан ағынды сулардан, сонымен қатар су қоймасының өзінен де сынамалар алынады. Қоршаған ортаға жаңағы тоғанның қандай әсер етіп жатқанына сараптама береміз. Иірінді сулар, кәріз сулары жалпы Балқашқа кетіп қалмауы үшін екінші тоған соғылып жатыр, салынып жатыр. Бүкіл ағынды сулардың барлығын бір жерге шорғырландырып, әрі қарай жібермеу үшін.