Семейдегі банкке бомба қойылды – Фейк

Банкке «бомба қойылды» деп жалған ақпар таратқан күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға банктердің бірінің қызметкері хабарласқан. Оның айтуынша, банкке қоңырау шалған белгісіз біреу Панфилов көшесіндегі бөлімшеде бомба қойылғандығын жеткізген. «Хабар түсісімен полиция қызметкерлері мен арнайы мамандар шұғыл түрде оқиға орнына келіп жетті. Бөлімшеге толыққанды тексеру жүргізілді. Алайда ғимарат ішінен жарылғыш заттар табылмады», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жалған хабар берген азамат іздестірілуде.