Қостанай облысында өрттен бір үйдің үш баласы көз жұмды

31 наурыз күні сағат 10:58-де Қостанай облысы Амангелді кентінде екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Үйде алты адамнан тұратын көп балалы отбасы, 1983 және 1994 ж.т. ата-аналар мен оның төрт баласы тұрады екен, олардың үлкені небәрі 8 жаста. 

Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін көршілер барлық төрт баланы көшеге эвакуациялаған, олар үйде өздері қалған. Өрт кезінде бүлдіршіндердің ата-анасы жұмыста болған.