Жамбыл облысында жабайы бұғы ауылға кіріп кетті 

Жамбыл облысындағы Красная Звезда ауылына жабайы бұғы кіріп кетті.  

Түз жануарының елді мекенге қалай тап болғаны әзірге белгісіз. Ауыл арасын еркін кезіп жүрген бұғыны ауыл тұрғындары қолға түсірмек болыпты. Алайда жануар алдынан шыққан адамның үстінен қарғып, қашып кеткен. Бұғы ұсталды ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.