Павлодар облысында елді мекендегі үйлерге су кірді

Ертіс өңіріндегі Рождественка ауылында 67 үйдің аумағына су жайылған. 5 үйге су кіріп, 30 аула көлкіп тұр. Бұл аумақта кешелі бері мүмкіндігінше су сорылып жатыр.

Павлодар қаласының гарнизоны, Төтенше жағдайлар департаменті өз күшін жұмылдырған. Яғни құтқарушылармен қоса мотопомпа, қайық, өзге де техника іске кіріскен.