Бакудегі түнгі клубта жарылыс болды

Зардап шеккен 24 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі күні Бакудегі түнгі клубтардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер бар, деп хабарлады Грузияның Төтенше жағдайлар министрлігі.

«2022 жылғы 3 сәуірде шамамен 03:00 Төтенше жағдайлар министрлігінің «112» сенім телефонына Бакудегі нысанда жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар», – делінген ведомство сайтында жарияланған хабарламада.

Жарылыс салдарынан шыққан өрт сөндірілді. Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.