Қарағанды шахтасында кенші қаза тапты

Бүгін Қарағандыда Костенко атындағы шахтада 36 жастағы кенші қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға себебін арнайы комиссия анықтап жатыр. Костенко атындағы шахтада ұңғыма төбесі құлаған. Оқиға салдарынан мердігер ұйымның 36 жастағы тау-кен жұмысшысы қаза тапты. «Бүгін Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде», – деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінде.